Құрылтай сайлауы – ел болашағына ортақ жауапкершілік

Алдағы 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл – азаматтардың ел өміріне қатысты маңызды шешімдерге өз таңдауын білдіретін жауапты кезең.

Сайлау – халықтың өз пікірін білдіруінің басты тетіктерінің бірі. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруі – тек өзінің ғана емес, тұтас қоғамның болашағына деген жауапкершілігі.

Құрылтай құрамына сайланатын өкілдер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатына, өңірлердің мәселелеріне қатысты ұсыныстар мен бастамаларды көтеруге атсалысады. Осы тұрғыдан алғанда, сайлаушының әр дауысы маңызды.

Құрметті жерлестер!

Сайлау күні өз учаскеңізге барып, азаматтық таңдауыңызды жасаңыз. Кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, олардың ұстанымдары мен ұсыныстарын саралап, өзіңіз лайық деп санаған кандидатқа дауыс беріңіз.

Дауыс беру кезінде сайлау тәртібін сақтап, өз таңдауыңызды ешкімнің ықпалынсыз, еркін жасаудың маңызы зор.

Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан сайлауға белсенді қатысу – әр азаматтың ел алдындағы азаматтық ұстанымының көрінісі.

23 тамызда сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Бір дауыс – бір таңдау. Бір таңдау – ел болашағына қосылған үлес.