ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі ұлытаулықтармен кездеседі

2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың Ұлытау облысында сағат 10:15-те азаматтарды қабылдау, ал 10:45-те тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өңірлік БАҚ өкілдері үшін брифинг сағат 12.15-те өтеді. Барлық іс-шаралар Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі 3, Халықтар достығы және мәдениет үйі мекенжайы бойынша өтеді.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: +7 701  100-44-66 және электрондық мекен-жайларға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 7 701  100-44-66 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.