ОРТАЛЫҚ КӘРІЗ ЖЕЛІСІ: КЕНШІЛЕР ҚАЛАСЫНА – КЕМЕЛ ИГІЛІК

Биыл облыстағы 250-ге жуық жеке үй кәріз желісіне қосылады.
Жоба – Сәтбаев қаласының 8 көшесінде жүзеге асырылуда. Осылайша жыл соңында 66, 74-орам тұрғын үйлері орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Берік Әбдіғалиұлы қалаға жұмыс сапары аясында тұрғын үйлерден келген қалдық суын шығарумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жобаны іске қосу үшін қаржылық мәселе болмайтынын жеткізді.

Бүгінгі таңда бас аяғы 4.5 шақырым желінің 1.5 шақырымы тартылған. Одан бөлек, 300 метр құбыр жүргізіліп, 62 құдықтың 16-сы салынды.