Олжас Бектенов: Мүгедек жандарға жасалып жатқан жұмыстар мардымсыз

Мүгедектігі бар адамдарға арналған лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Биік бордюрлер жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді.

Мүгедек жандар үшін нысандардың қолжетімділігі 45%-дан аспайды. Мұны мүгедектер арбасымен қозғалатын Еркебұлан Рүстемов әлеуметтік желілерде жиі көтеріп, елорданың өзінде көптеген пандустар мен ауыспа жолдардың қозғалуға мүлдем жарамсыз екенін көрсетіп келеді. Тіпті, кейбір пандустар мен ауыспа жолдардан өтер кезде бесік арбамен жүрген ата-аналар да әлекке түсіп жатады»,- деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, қолайлы орта қалыптастырудағы жұмыстарда көзбояушылық көп. Объектілерді мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік объектілерге, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына қатысты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырамын. Нормалардың сақталуын бақылау қажет», – деді О.Бектенов.