Мықтылар марапатталды
Қазан – бірнеше кəсіби мерекелер қат-қабат келетін ай. Осы айда құтқарушылар мен орман шаруашылығы қызметкерлері де өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. Осынау мерейлі мереке қарсаңында аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ бірқатар құтқарушылар мен орманшыларды қабылдап, сый-сияпат көрсетті.
Құтқарушылар мен орман қорғаушылардың кəсіби мерекесіне орай өткен шараға ауданымыздың төтенше жағдайлар қызметкерлері мен «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері шақырылды. Олар Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Əріновтің Алғыс хатымен марапаттады. Аталған марапат қызметкерлердің ел аумағындағы қажырлы еңбегі мен кəсіби шеберліктеріне негізделді.
Шара барысында, аудан əкімі құтқарушылар мен орман қорғаушыларының батылдығы мен ұйымдастыру шеберлігін атап өтіп, олардың бұл істері адам өмірін сақтауға септігін тигізгенін атап айтты. Шараға қатысушылар да өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Салтанатты жиында сондай-ақ, Аян Əбжамалов, Қадыржан Ескенов, Данияр Социал жəне Нұрлан Байманов секілді қызметкерлердің ерлігі мен кəсібилігі де жоғары бағаланып, министрдің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл шара құтқарушылардың ел қауіпсіздігіне қосқан елеулі үлесін тағы бір мəрте көрсетіп, олардың маңызды қызметін айрықша дəріптеді.
Жиын соңында, аудан əкімі құтқарушылар мен орман қорғаушылардың қызметін қоғамда лайықты бағалау керектігін ерекше атап өтіп, олардың болашақта да ел игілігі үшін адал еңбек ететініне сенім білдірді.
Досан ДУЛЫҒАЛЫ.