Министр Ғани Бейсембаев өңірлердегі психологиялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды

Павлодар және Жамбыл облыстарындағы оқыс оқиғалар бүгін облыс әкімдерінің орынбасарлары, полиция департаменттері, білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен өткен шұғыл кеңесте талқыланды.

Балалардың қауіпсіздігі туралы айтылған шарада ведомство басшысы мектепішілік бақылауды күшейтуге және әрбір мектепке учаскелік инспекторларды бекіту мәселесіне де жеке тоқталды.