Майталмандар – марапат биігінде
Ұлытау ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Дастан Рыспеков және Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мутаев арнайы қатысып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін төл мерекесімен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығын дамыту бойынша алдағы жоспарларымен бөлісіп, оның ішінде мал азығын молайту (көпжылдық шөп егу мәселесі), ауыл шаруашылығы техникаларын несиелендіру, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Аталған іс-шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме ұйымдастырылып, сала қызметкерлеріне арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.