Ұлытауда өткен облыстық чемпионат
Ұлытау ауданының спорт кешенінде Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай ересектер арасында ұлттық спорт «Асық ату» ойынынан облыстық чемпионат өтті. Жарыста төрешілер аталған спорт түрінен қай өңірдің спортшылары мықты екенін анықтады.
Чемпионатты аудандық дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Марат Оразалин ашып, жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Одан кейін облыстық спорт дамыту орталығының əдіскері Парасат Жанғазыұлы спортшыларға сəттілік тіледі. Сонымен қатар, облыс спортшыларының бұған дейін өз ортасында «Асық ату» ойынынан жеткен жетістіктерін саралап өтті.
Дүбірлі додаға облысымыздың əр өңірінен іріктеліп алынған нағыз асық атудың хас шеберлері жиналды. Кіл мықтылар асық ату ойынында «Бес табан» сайысы бойынша жарысты. Ойын барысында спортшылар өздерінің ептілігі мен мергендігін айтулы шарада дəлелдеп берді. Бабы мен бағы келіскен ойыншылардың жеңіске деген құштарлығы жанкүйерлердің де делебесін қоздырды. Асығы алшысынан түсіп, ерекше көзге түскендері үздіктер қатарынан көрінді. Нəтижесінде, 21 мен 40 жас аралығындағы сайыста (28 ұпаймен) бірінші орынды жаңаарқалық Батырбай Сəрсекеев жеңіп алды. Екінші орынды (28 ұпаймен) ұлытаулық Бекжан Қабжанов ы (28 ұпаймен) ұлытаулық Құрмет Ағайынбек, (24 ұпаймен) жаңаарқалық Нұртас Əлмағанбетов өзара бөлісті. Ал, 50 мен 59 жас аралығында бірінші орын биігінен Азамат Бердешев (Жаңаарқа) көрінді. Екінші орын жүлдесін Нұрлан Қасымбеков (Ұлытау) еншіледі. Үшінші орынға Аманбек Баймағанбетов (Ұлытау) иемденді. Бұдан кейін, 60 пен 69 жас аралығындағы сында ұлытаулық ардагерлерге жүлде бұйырды. Бірінші орынды Мақсұт Смайылов, екінші орынды Темірбек Байболов иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің арнайы медаль, диплом жəне кубоктарымен марапатталды.
Айта кетейік, алдағы күндері осы жеңіске жеткен жеңімпаздар Ақтөбе қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.