Ұлытау облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
Дастан Есенбеков 1986 жылы туған.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» және Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында жетекші маман болып бастаған.
Әр жылдары Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы,
Қарағанды облысы Мемлекеттік активтер және сатып алулар департаменті заң бөлімінің басшысы болған.
2018-2022 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен.
Ұлытау облысы құрылған алғашқы кезден бастап, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.