Ұлытау өңірінің туристік әлеуеті: жаңа мүмкіндіктер
2026 жылғы 11 ақпанда Ұлытау аудандық мәслихатының мәжіліс залында туризмді дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Қойшыбаев Ғалым Қанатұлы төрағалық етті. Кездесу барысында Ұлытау өңірінің туристік әлеуеті, экологиялық туризмді дамыту бағыттары және ұлттық парк аумағындағы жер учаскелерін қысқа және ұзақ мерзімге жалға беру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, туризм саласына инвестиция тарту мүмкіндіктері қарастырылып, әлеуетті инвесторлардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды.
Ұлытау – тарихи және табиғи мұраға бай өңір. Туризмді дамыту арқылы өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру және табиғатты сақтай отырып, тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыру – басты мақсаттардың бірі.
