Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Биыл – тарихымыздағы ең маңызды күндердің бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл күн – ерлік пен тағзымның, қайғы мен мақтаныштың күні. 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста халқымыз от пен оқтың ортасында жүріп, Отанын қорғап қалды.
Қазақтың талай боздақтары майдан даласында жанын берді, тылда қалған халық күн-түн демей еңбек етті.
Ұлы Жеңіс – тек әскери жеңіс емес, бұл – бірліктің, рухтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің жеңісі. Біз осы бейбіт өмір үшін қарыздармыз. Қаншама әкелер оралмады, аналар жесір қалды, балалар жетім өсті… Сол бір ауыр жылдардың әр сәті – ұмытылмас.
Бүгінгі ұрпақ сол Жеңістің өтеуі ретінде бейбіт күнді бағалауы, тарихты құрметтеуі қажет. Ардагерлерге тағзым етіп, есімдерін жадымызда сақтау – біздің парызымыз.
Мәңгілік елдің жүрегінде – Ұлы Жеңіс рухы мәңгі сақталады.
Маржан АХАНОВА,
мұғалім.