Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай келіндер арасында өткізілетін «Пай-пай қазақтың келіндері-ай!» атты аудандық байқаудың ЕРЕЖЕСІ:
1. Жалпы ережелер
1. «Пай-пай қазақтың келіндері-ай!» атты байқауы 2025 жылы 27 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау селосында өткізіледі. Жергілікті жерлерде аудандық байқауға іріктеу 15 наурызға дейін өткізілуі қажет.
2. Конкурс құрылтайшысы Ұлытау ауданының əкімдігі, «Ұлытау ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі» болып табылады.
2. Мақсаттар мен міндеттер:
— Қазақ халқының ұлттық салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарын жаңғырту;
— Жанұя арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
— Ұлттық салт-дəстүрімізге байланысты келін орнының ерекшелігін, отбасының ұйытқысы екендігін, қазақ келіндерінің бейнесін дəріптеу, жас ұрпаққа үлгі- өнеге көрсету.
3. Байқаудың талаптары:
— Байқауға ауданнан, ауылдық жерлерден іріктеуден өткен үміткерлер қатыса алады;
— Қатысушылар өзі орындайтын əн, би, монолог т.б. өнер түрін жанды дауыста орындауы қажет, минусының сапасы жақсы болуы шарт;
— Қатысушы орындайтын өнер түрін ұйымдастырушылармен келісуі қажет;
— Алдын-ала өтінім қағазын толтырып жіберуі керек;
— Байқау 6-кезеңнен тұрады;
— Үміткерлер əр кезеңдегі нөмірді жатқа орындайды;
— Əр кезеңде берілетін уақыт шектеулі;
— Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері 18-35 жасқа дейін.
— Əр ауылдан 1 қатысушы қатысуы тиіс.
— Лэд экранға қойылатын слайдтың сапасы жақсы, форматы (видео AVI, слайд JPEG) болуы шарт, флеш картамен алып келу қажет.
4. Байқауды өткізудің тəртібі мен шарттары
— Байқау 6 кезеңнен тұрады:
1. «Сəлем сөздің – анасы!» (таныстыру)
2. «Ойлы болсаң, озып көр!» (салт-дəстүр, Абайдың қара сөздері бойынша сұрақтар)
3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» (əн, би, монолог, көрініс);
(Ескерту: Əн орындайтын қатысушы Абай əндерінен орындау қажет).
4. «Кім жылдам?» ( осы жерде тапсырманы орындау ұршық иіру. т.б);
5. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» (қазақтың тағамдарын жасау);
6 «Адам көркі шүберек!» (Қазақтың ұлттық киімін киіп, таныстыру).
5. Қатысушылардың шығу тəртібі:
Орындау тəртібі жеребе арқылы анықталады.
Жеребе тарату – 27 наурыз күні сағат 9.30.
6. Қазылар алқасының құзырына:
— Əділ қазылар алқасы мүшелерінің құрамына ардагер аналар жəне өнер қайраткерлері шақырылады. Қазылар алқасы мүшелері 3 (үшеу) болады.
— Қазылар алқасының шешімі талқыға салынбайды.
— Қатысушылардың өнері əр кезеңде 5 (бес) баллдық жүйемен бағаланады, ең жоғарғы балл – 5
— Қазылар алқасының шешімі хаттамалармен рəсімделеді;
— Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады;
— Қазылар алқасының бағалауы: орындаушылық шеберлігіне; сахна мəдениеті мен киім үлгісіне көңіл бөлінеді.
7.Бағалау өлшемі:
Сөйлеу əдебі мен мəнері;
Ұлттық салт-дəстүрді меңгеру жəне жеткізу деңгейі;
Сахна мəдениеті мен киім үлгісі; (міндетті түрде ұлттық нақыштағы);
Сахнадағы қимыл-қозғалысының еркіндігі.
8. Марапаттау жүлделері:
Байқауда үздік өнер көрсетіп, шеберлік танытқан қатысушылар жүлделі орындармен, арнайы дипломдармен марапатталады:
Бас жүлде
I орын
II орын
III-орын
Номинация бойынша –
«Үлгілі келін»
«Инабатты келін»
«Сымбатты келін»
«Сабырлы келін»
«Өнерлі келін»
«Дəстүрлі келін»
9. Құжаттарды қабылдау тəртібі:
— Өтінімдер 2025 жылдың наурыз айының 15 дейін қабылданады.
— Мекенжайы: «Ұлытау аудандық мəдениет үйі» КМҚК
Эл.мекен-жайы: ulytau. madeniet.uii@mail.ru
Жауапты ұйымдастырушы – Жұмабаева Мадина Қайратқызы.
Тел: 8-771-259-17-34.