Әлеуметтік жұмыс орындары
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады.
Мемлекет субсидиялайды:
- жұмыссыздар үшін-жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35 %, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайды
Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.
Мансап орталықтарының байланыс номерлерін осы жерден білуге болады.
Тіркелген жұмыссыздар Enbek.kz порталындағы бос жұмыс орынды да таңдай алады
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ
- Казақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
- Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығы)
- Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысы).