КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен облыстың терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жастарды радикалды идеологияға тартуға жол бермеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жандандыру, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілердегі деструктивті ағымдардың жолын кесудің алдын алу мәселелері, қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссиялар мен ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін жетілдіру жолдары қаралды.
Сондай-ақ жиында Ұлытау ауданы мен Қаражал қаласы әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Оған қоса дін істері басқармасы мен облыстың білім басқармасы осы бағыттарда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өз баяндамаларын жасады.
Сонымен қатар отырыс барысында бірқатар объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің өңірлік тізіміне енгізу туралы жергілікті атқарушы билік пен мемлекеттік органдардың өтініштері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты тапсырмалар берілді.