Індетті тоқтатуға болады
АҚШ маймыл шешегін жұқтыру бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде маймыл шешегінің таралуын тоқтатуға болады деп санайды. Бұл туралы ДДҰ шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд ЛЬЮИС мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта біз маймыл шешегінің өршуін қажетті топтарға қатысты дұрыс стратегияларды қолдану арқылы тоқтатуға болады деп санаймыз, бірақ, уақыт өтіп жатыр және бұл үшін бәріміз бірігуіміз керек», – деді Р.Льюис.
Ол ДДҰ шешекпен күресудің жаһандық үйлестіру тетігін жасап жатқанын, алайда, әзірге бәрі талқылау деңгейінде екенін айтты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, Америка құрама штаттары маймыл шешегін жұқтырудың жекелеген елде тіркелген жағдайларының саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұған дейін ауруларды бақылау және алдын алу орталығы АҚШ-та вирустық аурудың таралуы туралы деректерді жаңартты. Соңғы мәліметтер бойынша, елде маймыл шешегін жұқтырудың 3 487 жағдайы анықталды. Оның ең көп саны Нью-Йорк (990), Калифорния (356) және Иллинойс (344) штаттарында тіркелді.
Инфекцияны жұқтыру жағдайларының көбеюі тестілеуді өткізу үшін мүмкіндіктердің кеңеюі аясында және әлемде аурудың өсуіне байланысты орын алады. Сарапшылар «инфекцияны жұқтырудың нақты саны айтарлықтай жоғары болуы мүмкін» дейді.
Парижде Франциядағы маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинациялау орталығы ашылды. Онда күн сайын 200-300 адамды егу жоспарлануда.
«Қазіргі уақытта Францияда 1 700 жағдай тіркелген. Парижді қала маңымен қамтитын Иль-де-Франс аймағы ең проблемалы болып саналады. Мұнда вакцинаның шамамен 300 мың дозасы қажет» дейді мамандар.
Бұған дейін билік қауіпті топтардың өкілдерінен маймыл шешегіне қарсы екпе алуды өтінген. Мұндай топтарға ең алдымен гомосексуалдар, трансгендер және жезөкшелікпен айналысатын адамдар кіреді.