Борсеңгір ауылында қоғамдық қабылдау өтті

Борсеңгір ауылында аудан әкімі Аманжол Мырзабеков тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесу барысында ауыл халқының өзекті мәселелері тыңдалып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Қабылдауға келген тұрғындар түрлі мәселелерді көтеріп, олардың шешілу жолдары туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков тұрғындармен кездесуде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол ауыл тұрғындарына алдағы уақытта атқарылатын маңызды жобалар мен жоспарлар туралы айтып, халыққа өзекті мәселелер бойынша ақпарат берді. Кездесу барысында Борсеңгір ауылына дейінгі жол жөндеу жұмыстарының барысы да сөз болды. Аудан әкімі жол құрылысына байланысты жұмыстардың кестеге сай жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл жоба 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта жолға қиыршық тас төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының көлік қатынасы мен өмір сапасын айтарлықтай жақсартатыны сөзсіз.
Борсеңгір ауылында тұрғындардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы екені атап өтілді. Аудан әкімі бұл бағытты дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы да түсіндірме берді. Ол мал шаруашылығын дамыту үшін жергілікті тұрғындарға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер берілуі, сондай-ақ, қажетті инфрақұрылымдардың құрылуы қарастырылып жатқанын айтты. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың артуы тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер аудан әкімі тарапынан назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі осы кездесулердің маңызды екенін және халықтың пікірін тыңдаудың даму жолындағы негізгі фактор болып табылатынын айтты. Тұрғындардың ұсыныстары мен тілектері жергілікті билік үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Қорытындысында, қоғамдық қабылдаулар аудан әкімінің халықпен тығыз байланысын қамтамасыз етіп, ауылдардың дамуында маңызды рөл атқаратын құрал ретінде қызмет атқарады. Бұл кездесулердің тиімділігі тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, оларды шешу жолдарын қарастырды.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.