БИЫЛ ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ 57 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Қазіргі таңда оның 24-інде жұмыстар жүргізілуде. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік сатып алулар рәсімдемелерінің аяқталып, тиісті мердігерлік ұйымдармен келісім шарттар жасалғаны айтылды.
Атап айтар болсақ;
Пушкин көшесі: 13 мамырда басталған орташа жөндеу жұмыстары 1 маусымда аяқталуы тиіс;
Шығыс айналма жолындағы жұмыстар қазір 90%-ға дайын. Мерзімі – 1 маусым;
Жанасов (Некрасов көшесінен Ұлытау көшесіне дейін) көшесіндегі жұмыстар 13 мамыр басталды, аяқталуы – 1 маусым;
Бабыр би, Кетбұға би, Ер Шоштан, Тілеулі Батыр, Әуезов, Жүсіпов, Иманжан көшелері. 13 мамырда басталды, аяқталуы 1 қыркүйек.
Шинтуринов, Майлин, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов, Майкутов тұйық көшелеріндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аяқталуы 1 тамыз.
Железнодорожная, Железнодорожная тұйық, Сафронов, Сафронов тұйық, Әлмұхамбетов көшелері. Аяқталуы 1 шілде.
Сейфуллин және Некрасов көшелеріндегі автомобиль жолдары да орташа жөндеуден өтеді;
Некрасов (Холмецкийден Сәтбаев көшесіне дейін) және Сейфуллин (Аманжоловтан Абай көшесіне дейін) көшелері бойынша фрезерлеу жұмыстары аяқталды. Асфальттау басталды;
Асылбеков көшесінен Алашахан даңғылына дейінгі аралықты тротуарлық жолақтар ауыстырылады. Нәтижесінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына айрықша көңіл бөлінуде. Жұмыс барысында гранитті борттық тастар сол қалпында қалатын болады. Аяқталуы 17 маусым;
Салықбаев және Молдағұлова көшелері. Мердігерлік ұйыммен жол профилін тегістеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мерзімі 1 маусым;
Орджоникидзе көшесіндегі асфальттау жұмыстары қазір аяқталды. Панфилов көшесінде де аталған жұмыс жүргізіледі. Аяқталуы 1 маусым.
Жангельдин және Әбдіров көшелері. Жол профилін тегістеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Аяқталуы 1 маусым.
Ғарышкерлер бақ жолы және Титов көшелері жөнделіп, 17 маусымға дейін аяқталады.
Омаров көшесі және Омаров тұйық көшелеріндегі автомобиль жолдары.
Шевченко көшесіндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өтеді.
Космодемьянская, Либкнехт, Әубәкіров, Құрманов, Литке көшелеріндегі автомобиль жолдары 22 маусымға дейін орташа жөнделеді.
Абай (Холмецкий көшесінен Чехов көшесіне дейін), Чехов көшелеріндегі автомобиль жолдары. Борттық тастарды орнату бойынша жұмыстар басталды. Аяқталуы 22 маусым.
Мәметова және Асатов көшелері.
Фурманов және Амралин көшелері Жол профилін тегістеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мерзімі 22 маусым.
Жароков және Байсеитов, Есенов және Мамажанов, Қарағанды, Заслонов, 1-2 инженерлік тұйық көшелері жолдарында жол профилін тегістеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Мерзімі 1 маусым.
Бейбітшілік даңғылының автомобиль жолы.
Абай көшесін (Бейбітшілік даңғылынан айналма жолға дейін) орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттама «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ведомстволық сараптама өтуде.
Қазіргі уақытта, «Жез Строй 2023» ЖШС мердігерлік ұйымымен қаланың автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сметалық құжаттамаға сәйкес мердігерлік ұйым қаланың 13 мың шаршы метр автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізді.