Бас жоспардың жобасы талқыланды

Сəрсенбінің сəтінде аудандық əкімдікте аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесуде аудан орталығының бас жоспары жобасы талқыланды.

Талқылау барысында аудан орталығының даму жағдайлары қарастырылып, тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандарды бас жоспарға сəйкес орналастыру, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерін тарту мəселесі қарастырылды.
Сондай-ақ, Ұлытау ауылының климаттық жағдайына байланысты кейбір əлеуметтік нысандардың орналасу ретін қайта қарау ұсынылды. Аудан орталығының ауқымын кеңейту мақсатында қазіргі мал қорымы мен қоқыс полигонының орнын ауыстыру жобаға енгізілді.
Орайы келгенде айта кетейік, аудан орталығында құрылыс нысандарының санын көбейту қажеттігі туындауына байланысты бас жоспарға түзетулер енгізу былтыр қолға алынып, қазіргі уақытта үш рет қараудан өтті. Алдағы уақытта қоғамдық талқылауға ұсынылады.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.