Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді

Ол қасиетті Рамазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жеңілдік жасап, арзандатуға шақырды.

«Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық», – деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірінің бағасы халыққа қолжетімді болуы керектігін атап өтті.

Бас мүфти дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегін де жеткізді.