БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді

Бас хатшының пікірінше, мұндай іс-шаралар туризмді және жалпы ел экономикасын дамытуға жол ашады.

Мемлекет басшысы Зураб Пололикашвилимен Қазақстанның БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымымен серіктестік аясын кеңейту перспективасын талқылады. Еліміздің туристік әлеуетін және халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал ететін нақты жұмыстарға баса назар аударылды.

Президент бұл ауқымды жарыс халықтар арасындағы достықты нығайтуға, Қазақстанның имиджін ілгерілетуге, еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті.