Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды
«Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмыстарын аяқтады.

Партияның аумақтық бөлімшелері еліміздің барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылды.
Енді өңірлік деңгейдегі басқару органдарын қалыптастыру кезеңі басталады. Алдағы уақытта филиал төрағалары мен басшылық құрамы сайланып, бастауыш партия ұйымдары құрылады.
