Қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады
Премьер-Министр Олжас Бектенов қаржы министрінің жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады.
Жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінде, яғни 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 миллион қазақстандық (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) табысы туралы есеп беруі тиіс еді.