Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдатылады
Мәжілісте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдатылатынын айтты.
«Медициналық қызметкерлер өз міндетін атқару кезінде оларға жасалған шабуыл мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты нормаларды бүгін Бас прокуратура қолдады. Тиісті норма қазіргі уақытта мемлекеттік келісуден өтіп жатыр, оларды Денсаулық сақтау министрлігі бастамаға алды», – деді министр.
Ақмарал Әлназарова айтуынша, жаңа нормалар биыл қабылданады.