«Ғасыр адамы» Темірғали Көкетай өмірден өтті
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Темірғали Көкетай 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Темірғали Әбілдаұлы Көкетай 1938 жылы 25 наурызда Жаңаарқа ауданы Жеткеншек (қазіргі С.Сейфуллин) ауылында дүниеге келген.
Ғылым және техника бойынша халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты (2010 ж.), Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен марапатталған. Ұлытау облысының Құрметті азаматы.
1972 жылы Жоғары оқу министрлігінің бұйрығы бойынша жаңа ашылған Қарағанды мемлекеттік университетіне Қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушісі. ҚарМУ-дің “Техникалық физика және экология мәселелері” ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарған.
Марқұмның туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.