Апат болған шахтадағы жұмыс 10 күнге тоқтатылды

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев қылмыстық іске байланысты комиссия сараптама жүргізетіндіктен шахтада 10 күн бойы жұмыс жүрмейді.

Ол комиссия отырысында апаттың себебі анықталған соң шаралар қабылдауды тапсырды.

«Газоанализатор бар екендігін айғақтайтын дабыл белгісін орнату немесе газды жою бойынша келісімшарттағы міндеттемелерге өзгеріс енгізу қажет деп ойлаймын. Ең бірінші кезекте қауіпсіздік техникасы және жұмысшының қауіпсіздігі сақталуы қажет. 10 күн бойы апат болған орында тек экспертиза мамандарының жүруіне рұқсат беріледі», – деді Қанат Бозымбаев.