Адал еңбек мұратқа жеткізеді
Бүгінгі күннің шынайы батырлары – күн сайын маңдай терімен адал еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшылар, шаруалар, құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, өндіріс қызметкерлері. Олар сахна сыртында қалса да, қоғамның іргетасын қалайды, ұрпақ тәрбиелейді, ел экономикасын алға сүйрейді.
Еңбектің ешбір түрі елеусіз қалмауы тиіс. Әрбір еңбек адамы – құрметке лайық. Олар үшін мереке – тек демалыс күні емес, адал маңдай терінің бағаланғаны. Осы орайда, еңбек адамын дәріптеу, оның қоғамдағы орнын айқындау – ұрпаққа үлгі көрсетудің, еңбекке баулудың ең тиімді жолы.
Бүгінгі Қазақстан – еңбекқор азаматтарының арқасында өсіп-өркендеп келеді. Заман дамығанымен, еңбек – басты құндылық болып қала береді. Себебі нағыз өркениет, тұрақтылық пен береке – еңбекке негізделеді.
Сондықтан әрбір еңбек адамына алғыс білдіріп, олардың еңбегін бағалау – біздің азаматтық борышымыз. Еңбекпен ел көгерер, бейнетпен береке келер.
Құрмет РАХАТ,
ерікті.