Жаңғырған Ата Заң Жаңа Қазақстанның құқықтық іргетасын нығайтты
Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне сеніммен қадам басты. 5 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумнан кейін зор сеніммен осылай деуімізге болады.
Себебі, бүкіл халықтың еркі жəне қалауымен Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге, билік тармақтарының дербестігін қамтамасыз етуге, ең бастысы, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту арқылы ашық əрі əділетті қоғам құруға жол ашты. Осылайша, биыл жаңарған, жаңғырған Ата Заң күні тойланғалы отыр.
Жалпы, Тəуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы XII шақырылған Жоғарғы Кеңестің IX сессиясында қабылданды. Ол егемендік алған сəттен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендікті, мемлекеттің тəуелсіздігін, биліктің бөліну қағидатын, қазақ тілін мемлекеттің мойындауын жəне басқаларын айғақтап көрсетті.
1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республиканың моделі алынды. Ол нарықтық экономика мен демократиялық мемлекет бағытында өмірдің барлық аспектілерін өзгерту үшін құқықтық негіздерді бекітті. Конституцияны дайындау барысында сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдердің тəжірибесін зерделегенін көпшілік біледі. 1995 жылы құжат жобасын талқылауға 3 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Елімізде мыңдаған ұжымдық талқылаулар өтті.
Осыдан кейін Конституцияға өзгерістер үш рет енгізілді – 1998, 2007 жəне 2011 жылдары. Ал 2022 жылғы 5 маусымда елде жаңа түзетулер бойынша референдум өтті – бұл тəсіл төртінші болды. Оған сəйкес, Мемлекет басшысының өкілеттіктері қысқарды, Парламент елдің саясатына əсер ету мүмкіндігіне ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түзетулер енгізудің мақсаттарын бірнеше рет атап өтті: бұл жаңа мемлекеттік модельге жəне мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу – мұндай көшуді Екінші Республика деп атайды.
Жұмыс тобы Конституцияның 33 бабына түзетулер дайындады. Дауыс беру құқығы бар азаматтардың жалпы саны 11 миллионнан асты, ал дауыс беруге 8 миллионға жуық адам қатысты. Көпшілігі түзетулер үшін дауыс берді. Референдумға қатысқан əр азамат өзі мен отбасының, өскелең ұрпақтың қауіпсіз, берекелі əрі бақытты болашағы үшін таңдау жасап, дауыс берді. Осылайша, референдум арқылы Жаңа Қазақстанның берік құқықтық іргетасын қаланды.