Жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Аппараттық жиналыста 2022-2023 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына дайындық барысы тыңдалды. Мәселенің маңыздылығын өңір басшысы атап өтті. «Ұлытау облысы энергетика және тұрғын үй –коммуналды шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Алмас Жандарбековтың ақпараты бойынша биылғы жылы Ұлытау облысы аумағында 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына энергетикалық және коммуналдық кәсіпорындарда дайындық жұмыстарына барлығы 21 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Жөндеу науқанына 124 жылу көздері, яғни Жезқазған қаласында 1 жылу электр орталығы, Сәтбаев қаласында 2 жылу стансасы және қалған калалар мен аудандарда 121 жылу қазандықтарын дайындау қарастырылған. Басқарманың мәліметінше жылыту маусымына дайындық кесетеге сай жүргізіліп келе жатыр. Өңір басшысы аталған мәселеге жан-жақты қарап, барлық елді-мекендердегі дайындық жұмыстарды жұмыс тобын құрып, көзбен көріп өту қажет деп тапсырды. Жезқазған жылу-электр орталығында биылғы жылы
⚒️— 2 қазандық пен 1 турбинаға күрделі жөндеуден өтеді,
️1 қазандыққа кеңейтілген жөндеу
⚒️4 қазандық пен 4 турбинаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
⚙️Жыл соңына дейін Жезқазған жылу электр орталығында бір қазандықты ауыстыру жоспарлануда.
Өңір басшысы 2023 жылы 1 қаңтардан бастап Жезқазған қалалық жылумен, сумен қамтамасыз ету кәсіпорыны әкімдік балансына өтетіндігін, осыған орай қала әкіміне тікелей өзі айналысып, жөндеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы кезінде көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де назарда болды.
Өңір басшысы бұл ретте, көмірмен уақытылы қамтамасыз ету, сондай-ақ күзгі сұраныстың кезінде болатын көмір тапшылығын болдырмау үшін қала және аудан әкімдеріне, облыстық денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының басшыларына — 15 қыркүйекке дейін көмірді сатып алу және оны жеткізу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге тапсырма берді.