«АҢЫЗ ТҰЛҒА, АБЫЗ ТҰЛҒА — КЕТБҰҚА» тақырыбында республикалық мүшәйра өтеді

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-гі, Жезқазған қаласындағы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі мен Жезқазған тарихи-археологиялық музейі «АҢЫЗ ТҰЛҒА, АБЫЗ ТҰЛҒА — КЕТБҰҚА» деген тақырыпта жас ақындардың (жазба) республикалық мүшәйрасы өтетінін хабарлайды.

Мүшәйра

ЕРЕЖЕСІ

Жас ақындар мүшәйрасының мақсаты:

-Ұлт ұясы атанған Ұлытау мен оның топырағында өткен тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар тағылымын дәріптеп, насихаттау, өлең өзегіне айналдыру;

-Шыңғыс қаған дәуірінің, Жошы ұлысының даңқты тұлғасы, қолбасшы, жырау, абыз, күйші Кетбұқаның есімі мен ерлігін жырға қосу;

-жас қаламгерлер шығармашылығына қолдау жасау.

Мүшәйраның шарттары:

-мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;

-мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс:

  • бірінші өлең Кетбұқа абыздың өмірі мен өнегесі жайлы;
  • екінші өлең Ұлытау және ұлт тағдыры мен тағылымы туралы;
  • үшінші өлең еркін тақырыпта болуы – шарт;

-мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;

-байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.

-шығарма мәтіні (тақырыбымен қоаса) электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні ашық көрсетіледі;

-ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), жеке куәлігінің көшірмесін, фотосуретін (6х9), байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек;

-үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың  1 тамызына дейін қабылданады;

-мүшәйраның қорытынды шарасы осы жылдың 27 тамызында Жезқазған қаласында өтеді деп жоспарлануда (өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады);

-қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;

-марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана қатысады, іссапар шығыны келуші тараптың өз есебінен;

-бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;

-қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;

-мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;

-қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі;

-мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін.

Жүлде мөлшері:

Бас жүлде –   1 000 000 тг

1 орын (біреу) – 500 000 тг

2 орын (біреу) —  300 000 тг

3 орын (біреу) – 200 000 тг

Арнайы сыйлық (үшеу)– 100 000 тенгеден х 3 = 300 000 тг

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) –50 000 тенгеден х 3 = 150 000 тг

Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

ist-arh.m@mail.ru

Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефондары: Капарова Раушан Онгонисовна ж.т 8 (7102) 73-72-04, ұялы тел: 8 705-413-45-11

Мүшәйраға қатысқан өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығарылады.

Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады.

 Ұйымдастыру алқасы