Құрметті аудан тұрғындары!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері күні құтты болсын!

Елдігіміз бен егемендігімізді айқын бейнелейтін Мемлекеттік рəміздер – халқымыздың рухын көтеріп, ұлттық нышандарын айғақтайтын айрықша əрі қастерлі белгілер. Сондықтан, біздің əрқайсымыз Отанды қалай құрметтеп, елімізді қалай сүйе алсақ, мемлекеттің нышандарын да сол дəрежеде қастер тұтып, құрметпен қарауға тиіспіз.

Рəміздерге деген құрмет – қоғам мүшелерінің өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына сенімдері мен сүйіспеншілік сезімдерінің өлшемі. Ту, Елтаңба жəне Гимн – өз мемлекеттілігін ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманының айғағы. Түптеп келгенде, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба мен Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады. Сондықтан да, əр азаматтың жүрегіне елжандылықты дарытуда Мемлекеттік рəміздердің маңызы зор, орны айрықша.

Тəуелсіздікке қол жеткізген сəттен бастап, өз алдына тəуелсіз мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Тумен, елдің тарихы мен құндылығын əлемге танытар Елтаңбамен жəне елдің рухын көтеретін Мемлекеттік гимнмен айбынды елге айналдық. Тəуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік рəміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Əрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, Туымыздың мəртебесі биік болсын!

Рəміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі нығая берсін!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

 Ұлытау ауданының əкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мəслихаттың хатшысы