«УСЛОВНИК» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚР ІІМ №86 жоспары басшылыққа ала отырып, есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасауын және әкімшілік құқықтың алдын алу мақсатында, пробация қызметінің бақылауынан жалтарған, іздеуде жүрген қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен жайын анықтау барысында Ұлытау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Ж.Амановтың қатысуымен Ұлытау аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 2020 жылдың 9 мен 13 қараша аралығында «Условник» атты профилактикалық жедел іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шарада Ұлытау аудандық пробация қызметінің 1 қызметкері, Ұлытау аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ 2 қызметкерлері.

Қазіргі уақытта Ұлытау аудандық пробация қызметінде тіркеуінде қоғамнан оқшаулауға байланысты 18 сотталған азаматтар жазасын өтеуде. Жоғарыда аталған жедел іс-шара тіркеудегі қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар арасында қайта қылмыстың алдын алу және де әкімшілік құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында Ұлытау аудандық пробация қызметкерлері мен Ұлытау аудандық ПБ ЖПҚБ бірлесе есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайын тексеріп, сотталғанмен профилактикалық сұхбат жүргізуден басқа сотталғанның мінездемесін білу үшін оның көршілері сүхбаттасты. Жиналған мінездемелер сотталғандардың жеке және бақылау істерінде тігіледі.

Сонымен қатар құқықтық тәртіпті жетілдіру мақсатында және де сот үкімімен міндеттерінен жалтарған сотталғандарды анықтау үшін пробация қызметкерлері мен ПБ ЖПҚБ қызметкерлері бірлесіп мекенжайлары тексерілуде. Өткізілген рейдтік іс-шаралардың іс-қағаздары әкімшілік және тәртіптік жазалау үшін жинақталды.

Жаза өтеу тәртібін қасақана бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық, қайта қылмыс жасаған қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарға қатысты тиісті іс-қағаздар жинақталып, бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру үшін, қоғамдық жұмыстарды қамауға алуға, шартты мерзімді создыру үшін сотқа жіберіледі.

Б.ҚАППАСОВ,

Ұлытау аудандық пробация қызметінің инспекторы,

әділет капитаны