Құрметті аудан тұрғындары! Құрметті Қарулы Күштердің жауынгерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Биыл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойылғанына – 30 жыл толып отыр.
Отан қорғау – қасиетті ұғым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз армиясы құрылды. Бүгінгі таңда, Отан қорғаушылар күні өз Отанын қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды. Бұл мереке – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.
Батыр бабаларымыздың арқасында елімізге бейбіт өмір келді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының алдындағы негізгі міндет – осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өз үлесін қосу.
Құрметті жерлестер!
Батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілейміз. Қазақстанды өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.