Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері! Қадірлі еңбек ардагерлері!
Сіздерді егемен еліміз айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ең бастысы, экономиканың, оның ішінде ауыл шаруашылығының дамуын қамтамасыз етіп, оның өсуін басқаруды жедел жетілдіре түсу қажет. Бұл мақсатта ауданның ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері де еселі еңбек етеді деген сенімдеміз. Биылғы жылы ауданда жалпы құны 155,3 млн. теңге ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, физикалық индекс көлемі 105,5 пайызды құрады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 204 млн. теңге, «Агронесиелік Корпорация» арқылы 94 млн. теңге қаражат бөлінді. Жалпы, аудан бойынша 298 млн. теңге несие беріліп отыр. Бүгінгі күні «Ұлар» несиелік серіктестігі арқылы 105 жоба мақұлданып, іске асырылып жатыр. Ұлытау ауданы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысатыны белгілі, тиісінше, аудан экономикасын дамытуда ауыл шаруашылығы мамандарының еңбегі – ересен.
Құрметті ауыл еңбеккерлері!
Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен ел экономикасын өркендетумен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер.
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасы бақытын тілейміз.
Ел игілігі жолындағы еңбекте тың табыстарға жете беріңіздер!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Талғат СЕЙТЖАНОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.