Мектептер онлайн форматқа көшпейді – министрлік

Елде ЖРВИ мен тұмауға қатысты жағдай тұрақты және мектептерде шектеу шараларын енгізуге ешқандай негіз жоқ, деді бас санитар дәрігер Сархат Бейсенова.

Айтуынша, елімізде оқушыларының 20%-дан астамы ауырып қалған бірде-бір сынып тіркелмеген.

«Қыркүйектен бері 1,5 млн-ға жуық жағдай тіркелген. Соңғы аптада 133 мың адам ауырған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе аз», — деді ол.

Тұмауға қарсы 2,2 млн доза вакцина сатып алынып, қазірдің өзінде 2 млн-нан астам қазақстандық екпе алған.

▪️Министрлік ауруханалардағы инфекциялық бөлімшелердің жүктемесі 85%-ға жетсе, қосымша орындар жедел түрде ашылатынын жеткізді.