Құқықтық сауаттылық – жарқын болашақ кепілі

Бүгін Қарсақбай кентінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қарсақбай агротехникалық колледжінің студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында танымдық QUIZ зияткерлік ойыны өткізілді.

Ойын барысында жастар құқықтық білімдерін сынап, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті.

Мақсатымыз – құқықтық сауатты, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ қалыптастыру.