«Ютария» ЖШС ұжымымен кездесу өтті

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қайрат Мейрамұлы өзге де кандидаттармен бірге «Ютария» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен қатар, өндіріс саласын дамыту, жұмыс орындарын сақтау және көбейту, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Кандидаттар қойылған сұрақтарға жауап беріп, еңбеккерлермен ашық пікір алмасты.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.