Әскерилердің тамағына жауапты компаниялар конкурс арқылы таңдалады

Қорғаныс министрлігі 2027–2028 жылдары әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз ететін компанияларды анықтау үшін мемлекеттік конкурс өткізуді жоспарлап отыр.

Конкурсты ұйымдастыру Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығына жүктеледі.

Орталық Қарулы күштердің жеке құрамына тамақтандыру қызметін көрсететін жеткізушілерді конкурстық негізде іріктейді.

«Алдағы конкурс туралы ақпарат Қазақстанның мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады. Ал жеткізушілерді іріктеуге қатысты толық мәліметтер тиісті құжаттар орналастырылғаннан кейін белгілі болады», делінген хабарламада.