ІІМ: Қысқы дөңгелек сатып аларда алаяқтардан сақ болыңыз!
Қысқы шиналарды ауыстыру маусымына байланысты Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жиілегенін ескертті.

Жауаптылардың мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде дөңгелектерді арзан бағамен сататыны туралы хабарландыру жариялап, тауарды брондау үшін алдын ала төлем талап етеді. Ақшаны алған соң сатып алушыларды бұғаттап, хабарландыруларын өшіріп тастайды.
Алаяқтарға алданбау үшін:
• Тауарды көрмей тұрып, ақша аудармаңыз;
• Нарықтағы бағадан тым арзан ұсыныстарға сенбеңіз;
• Шиналарды сенімді дүкендерден сатып алыңыз;
• Банк деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз.
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
ІІМ интернет арқылы сауда жасағанда сақ болуға шақырады.
