Қазақстанда 2030 жылға дейін 21 логистикалық орталық салынады
Қазақстанда қазір 46 логистикалық орталық жұмыс істейді. 2030 жылға дейін тағы 21 орталық салу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев 29 қазанда Үкімет отырысында мәлімдеді.

Сонымен қатар шетелде терминалдық желі дамып келеді. Қазір Ляньюньган, Сиань және Поти қалаларында үш орталық жұмыс істейді. Тағы жеті орталықты іске қосу жоспарланған. Жобаларға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен қазақстандық логистикалық операторлар қатысып жатыр.
