Ұлытаулық боксшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ұлытау облысынан шыққан былғары қолғап шебері Владислав Саможонов Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.



Жаңаарқа ауданында дүниеге келген қазақстандық спортшы 16-27 қазан аралығында өткен жарыста аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екінші орын иеленді.
