Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі – Мемлекет басшысы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты.

«Елордамызда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы мен заманауи Astana Hub технопаркі жұмыс істейді. ІТ қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. Екі суперкомпьютер іске қосылды. Оның игілігін отандық компаниялар мен ғалымдар көріп жатыр. Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі», – деді Президент жиында.
