Халықаралық жарыстың қола жүлдегерлері елге оралды

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Ресей елдерінің спортшылары қатысқан халықаралық жарыста Ұлытау облысының көркем гимнастика спортшылары командалық есепте ІІІ орынға ие болды.

Жүлдегер спортшыларымыз:

Айым Ғалымжанова — 2013 ж.т.  Айлана Орынбасар — 2013 ж.т.  Айнель Орынбасар — 2015 ж.т.

Спортшыларымызды және жаттықтырушыларын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Ұлытау спорты — жеңістер жолында!