Ұлытау облысының әкімі Сәтбаев қаласының тұрғындарымен 28 қазанда кездеседі
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі 21 қазаннан 28 қазанға ауыстырылды.

Кездесу 28 қазан күні сағат 11:00-де Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтеді. Мекенжайы: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 106.
Кездесуден кейін облыс әкімі, облыстық басқармалардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің басшылары азаматтарды жеке қабылдайды.
