Қазақстандықтар аты-жөнін неше рет өзгерте алады?

Заң бойынша аты-жөнін өзгертуге шектеу жоқ. Бірақ әр жолы себебін көрсету қажет.

Аты-жөнді мына себептермен өзгертуге рұқсат етіледі:

• есімі оғаш естілсе немесе айту қиын болса;
• некеге тұрғанда немесе ажырасқанда;
• бұрынғы тегін қайтарғысы келсе;
• ұлттық дәстүрге сай есім алғысы келсе;
• басқа есіммен танымал болса;
• ата-анасының ұлтына сай есім мен тегін таңдаса.

Өтінішті 16 жастан бастап беруге болады.

Аты-жөнін өзгерту — 2 001 теңге.