Мемлекет басшысы: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында осылай деді.

«Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ», – деді Мемлекет басшысы.
