Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің төрағалығымен өңірлік жедел штабтың отырысы өтті. Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралып, бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз ету бойынша міндеттер айқындалды.

Облыс әкімі мемлекеттік сатып алу аясында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.


Өңір үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.


Өңір басшысы барлық жауапты мемлекеттік органдарға белгіленген талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруды тапсырды.

