Кейбір жүргізушілерге жылдамдық үшін қате айыппұл салынған
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 13-14 тамызда «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау тіркелді. Салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.

Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды, олар автоматты түрде жойылады. Айыппұлды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі пысықталып жатыр.

