Ғылым және жоғары білім министрі Құқық қорғау органдары академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты
2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT University, Ұлттыққорғаныс университеті және Ішкі істер министрлігінің Академиясы сияқты жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Соңғы он жылда Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша құқық қорғау органдарының 534 қызметкері білім алды. Оның ішінде 459-ы магистратураны, 75-і докторантураны тәмамдады.
Академияның басты ерекшелігі – әртүрлі ведомстволардың өкілдері бір аудиторияда білім алады.

