Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды.
