Полиция күмәнді табыс көздерінен сақ болуға шақырады

Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде «жоғары жалақы», «жеңіл табыс» деген ұсыныстармен түрлі хабарландырулар таралады. Бір қарағанда мұндай ұсыныстар қызық көрінуі мүмкін. Алайда шындық басқаша: көп жағдайда мұндай хабарландырулардың артында есірткі тасымалдау, сақтау және таратуға байланысты ауыр қылмыстар тұрады.

Есірткі бизнесі — жеңіл табыс табу құралы емес, ол қылмыстық жауапкершілікке және өмірдің күйрететін жол.

Полиция келесі маңызды ережені сақтауды ұсынады:

— Күмәнді жұмыс ұсыныстарына ешқашан келіспеңіз. Бұл қауіп туралы достарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз — олардың қауіпсіздігі де сізге байланысты;

— Заңды жұмыс орындарын және сенімді табыс көздерін таңдаңыз. Жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылу ауыр салдарға әкелуі мүмкін;

— Бейтаныс адамдардан келген хабарламаларға және күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Күмән туған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз;

Өз болашағыңызды, еркіндігіңізді және беделіңізді бір сәттік пайда үшін құрбан етпеңіз. Интернеттегі «жеңіл ақша» ауыр өмірлік салдарға және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.